Дені сау адамда – рухы де сау!!!

Дені сау адамда – рухы де сау!!!
16.11.2016

Дені сау адамда – рухы де сау!!!

2014 жылы 28 маусымда «Қазақстан» СС парк аймағында Елорданың 16-жылдығына арналған «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жас қанатпен ұйымдастырылған спорт шарасы өткізілді. Шараға бүкіл қаланың бастапқы партиялық ұйымдардан 30 топ қатысты.

Біздің бастапқы партиялық ұйымымыз осы шарадан қалмай, салауатты өмір салтын насихаттау үшін белсеңді түрде ат салысты. Біздің ұйымымыздың тобы «Арқан тарту» сайыста бірінші орынға ие болды. Ұйымымыздың қызметкері Жетпісбай Ақәділ «Армрестлинг» сайысында екінші орын алды.

Жеңімпаздар шара ұйымдастырушылардан атақты мақтау қағаздармен және сыйлықтармен марапатталды. Компания атынан ұйымдастырушыларға ұжымды біріктіретін және салауатты өмір сүруге шақыратын тамаша науқандар мен шаралар үшін ризашылығымызды білдіреміз!!!