«Қазқұрылысжүйесі» ЖШС құрметті «САЛА КӨШБАСШЫСЫ-2022» атағымен марапатталды

Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мен экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін бизнес-рейтингқорытындысы бойынша «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС құрметті «САЛА КӨШБАСШЫСЫ 2022» атағымен марапатталды. Серіктестік Қазақстан Республикасының үздік үш мемлекеттік кәсіпорындарының арасында екінші орынға ие болды.

Жоғары біліктілігі және елеулі қызмет нәтижелеріне қол жеткізгені, Қазақстан Республикасы экономикасының игілігі жолындағы адал еңбегі үшін бас директор Азамат Ахметқалиұлы Төлегенов «Жыл кәсіпқойы» құрмет белгісімен, «Аса үздік жетістіктері үшін» төс белгісімен Оразғали Мұхамбетұлы Асылов және «Жыл кәсіпқойы-2022» сертификатымен Қанат Асильбекұлы Мәуленбердиев марапатталды.

2022 жылғы 12 тамызда «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС-де «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

2022 жылғы 12 тамызда «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС-де «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Құрылыс саласындағы кәсібилігі және адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №515-қ бұйрығы негізінде «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен бас директордың орынбасары Алмас Ғалымұлы Қисабеков және техникалық қадағалау сарапшысы Алмас Кебекұлы Ибраимов марапатталды. Сондай-ақ Серіктестіктің дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін 5-қызметкер Құрмет грамотасымен, 9-қызметкер Алғыс хатпен марапатталды.

1 маусым – Балаларды қорғау күні

1 маусым – Балаларды қорғау күнін мерекелге және жазғы демалыстың басталуында байланысты көп балалы отбасылардың 9 баласына «Думан» ойын-сауық орталығындағы аквапаркке, океанариумға, кинотеатрға, экзотариумға, джунглиге баруға билеттер сатып алынды.
Серіктестік қызметкерлерінің қамқоршылыққа алынған екі көп балалы отбасыларға азық-түлік қоржын түрінде материалдық көмек ұйымдастырылған.

«Қазқұрылысжүйесі» ЖШС жиналыс өткізілді

2022 жылғы 8 сәуірде «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»Қазақстан халқына жолдауының негізгі аспектілерін талқылау және түсіндіру мақсатында Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Дархан Қамзабекұлы Мыңбайдың қатысуымен жиналыс өткізілді.           Д.Қ. Мыңбай Қазақстан Президенті жолдауының негізгі тезистерін, алдағы реформалардың еліміздің және бүкіл Қазақстан халқының болашағы үшін маңыздылығын атап өтті. Серіктестік қызметкерлері қызықтыратын сұрақтарын қойып, нәтижелі диалог жүргізді.

“Наурыз мейрамы”

2021 жылғы 19 наурызда “Наурыз мейрамы ” мерекесі қарсаңында”Қазқұрылысжүйесі” ЖШС қызметкерлері:
– “Нұрлы жүрек” балалар үйіне барды (бұл іс – шараның басты мақсаты-балаларға мереке сыйлау, оларға жетіспейтін кішкентай ғажайып пен жылулық сезімін сыйлау);
– “Нұр Отан” БПҰ-дан бекітілген еңбек ардагеріне мерекелік сапар жасалды, сондай-ақ серіктестіктің бұрынғы қызметкерлері-зейнеткерлері мен жұмыс істейтін зейнеткерлерін құттықтады.
– Серіктестік қызметкерлері өз нысандарында Наурыз мерекесіне арналған құттықтау челленджін ұйымдастырды.

8 – наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.

Қымбатты ханымдар!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Бақыт пен жақсылық, байлық пен сәттілік, көктемгі көңіл – күй мен шат күлкі тілейміз!
Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!

«Ризашылық күні»

2022 жылдың 01 наурызы – «Алғыс күні» мерекесінде «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС басшылығы қызметкерлерге көп жылғы адал еңбегі және жоғары кәсіби шеберлігтері үшін шын жүректен алғысын білдірдіреді.

Контакты