«Қазқұрылысжүйесі» ЖШС құрметті «САЛА КӨШБАСШЫСЫ-2022» атағымен марапатталды

Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мен экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін бизнес-рейтингқорытындысы бойынша «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС құрметті «САЛА КӨШБАСШЫСЫ 2022» атағымен марапатталды. Серіктестік Қазақстан Республикасының үздік үш мемлекеттік кәсіпорындарының арасында екінші орынға ие болды.

Жоғары біліктілігі және елеулі қызмет нәтижелеріне қол жеткізгені, Қазақстан Республикасы экономикасының игілігі жолындағы адал еңбегі үшін бас директор Азамат Ахметқалиұлы Төлегенов «Жыл кәсіпқойы» құрмет белгісімен, «Аса үздік жетістіктері үшін» төс белгісімен Оразғали Мұхамбетұлы Асылов және «Жыл кәсіпқойы-2022» сертификатымен Қанат Асильбекұлы Мәуленбердиев марапатталды.

2022 жылғы 12 тамызда «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС-де «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

2022 жылғы 12 тамызда «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС-де «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Құрылыс саласындағы кәсібилігі және адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №515-қ бұйрығы негізінде «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен бас директордың орынбасары Алмас Ғалымұлы Қисабеков және техникалық қадағалау сарапшысы Алмас Кебекұлы Ибраимов марапатталды. Сондай-ақ Серіктестіктің дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін 5-қызметкер Құрмет грамотасымен, 9-қызметкер Алғыс хатпен марапатталды.

Контакты