Басты бетБіз туралы

Біз туралы

«Қазқұрылысжүйесі» ЖШС компаниясы —Қазақстан Республикасының территориясында және одан тыс орналасқан объектілерде құрылыс-монтаждық жұмыстардың барысын және сапасын техникалық тұрғыдан қадағалауды қамтамасыз ету мақсатымен құрылыс нарығында  18 жылдан астам қызмет етуде.

Елорданы Алматы қаласынан Астана қаласына өзгерту кезеңде техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша тиімді жұмыстарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы № 618 қаулысымен «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының салынып жатқан объектілерін техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі дирекция» Жабық акционерлік қоғам құрылған болатын.   

2009 жылы «Қазқұрылысжүйесі» АҚға ребрендинг жүргізілді.

«Қазқұрылысжүйесі» ЖШС тікелей қатысумен 30 артық бірегей объектілердің құрылысы аяқталды: «Ақ-Орда» Резиденциисы және «Қызыл-Жар», «Қазахстан» спорт сарайы, «Бәйтерек» монументі, «Салтанат Сарайы» кештерді өткізу үйі, Қазақстан Республикасы Парламенттің Сенат және Мәжіліс  ғимараттары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, Қазақстан Республикасының Үкімет үйі, Ұлттық Кітапхана, Ұлттық мұрағат, Министрліктер үйі, 30 000 көрермендер орны бар жабық стадион, Опера және балет театры, 40 астам тұрғын үй кешендері құрылды. Атап айтқанда, осы ғимараттар жаңа елорданың кейпі, визиттік карточкасы, әрі мақтанышы болып табылады.

 Бұдан басқа, біздің қатысумен Қазақстан Республикасының шеттерінен тыс Ресей Федерациясындағы Ессентуки қаласында «Қазақстан» санаторий үйі, Түрік Республикасында «Алатау» қонақ үйі салынды. 

«Қазқұрылысжүйесі» ЖШС инжинирингтік қызметтердің кең спектрін көрсету бойынша үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие. 

Бірінші және екінші деңгейлі жауапкершілігі бар объектілері бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру құқықтарына сарапшы аттестаты бар мамандандырылған қызметкерлер, тиісті материалдық-техникалық база, құрылыс саласында үлкен кәсіби тәжірибе сияқты факторлар  «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС құрылыс нарығында жоғары сапаға кепілдік беретін, кез келген мақсаттағы және күрделілігі бар құрылысы кәсіби сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатын ұйым ретінде ерекшелендіреді.

 Бүгінгі күнінде 22 маман компанияның әлеуетін құрайды. Әр қызметкердің құрылыс саладағы ұлкен тәжірибесі бар, көбісінің 15–20 жылдан асады.

 «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС инжинирингтік қызметтерді сапалы түде көрсету үшін қажетті жабдықпен қамсыздандырылған: лазерлік рулетка, ультрадыбысты аспап (дефектоскоп), лазерлік нивелир, курвиметр (жол дөңгелегі), жылувизоры және т.б.

 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік нормативтердің сақталуын бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының территориясында қолданылатын нормативтердің толық мәтіндерді қамтитын электрондық база -«Derek info» пайдаланылады.

 Біз шеттегі байқаушы емес, біз Тапсырыс берушімен және мердігермен бірлесіп құрылыс алаңды тапсырудан бастап объектіні пайдалануға тапсыруына дейін құрылысқа тікелей қатысамыз.

 Клиенттеріміз біздің тәжірибемізді, жауапкершілігімізді, мәселені шешудегі кешендік әдісін таңдайтынымызды аса бағалайды. Біздің мақсатымыз – қателіктерді алдын алу, оларды құрылыс барысында болдырмау, объектіні мерзімде және сапалы түрде тапсыру болып табылады.

 «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС қызметтесеңіз – жоғары сапаға, сенімділікке және тиімді бағаларға тап боласыз. Біз шын жүректен кейінгі бірлесіп қызметтесуге үміттенеміз!