Құрылыс алаңындағы түтіндеу 10 минутта жойылды

20.11.2021

Құрылыс алаңындағы түтіндеу 10 минутта жойылды

Құрылыс алаңындағы түтін 10 минуттың ішінде ауыздықталды

     20 қарашада таңғы сағат 10:47-де «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі ғимаратының құрылысы» алаңындағы (Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылының бойында) жертөледе электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алды. Салдарынан сол маңда жатқан шатыр материалдары (рубероид) тұтана бастаған.
     Оқиға орнына дереу жеткен Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бір экипажы, қара түтінді 10 минуттың ізінде ауыздықтап, жоғарғы қабатта жұмыс істеп жүрген құрылысшыларды төменге түсірді.
     Нысанның техникалық қадағалауын «Казстройсистема» ЖШС жүзеге асырады.