1- Маусым – балаларды қорғау күні

1- Маусым – балаларды қорғау күні
01.06.2021

1- Маусым – балаларды қорғау күні

1- Маусым – балаларды қорғау күніне орай «Нұрлы жүрек» балалар үйіне кезекті сапар ұйымдастырылды. Біз: кресло, киім, жеке гигиена құралдары, аяқ киім және күнделікті өмірде қажет басқа да керек-жарақтарды сатып алдық. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік – бақыт жолы» челленджі өткізілді. Серіктестік қызметкерлерінің 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалары қатысты. Челлендж қатысушылары сыйлықтар алды.

          Игі істер ұранымен «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС жетім балаларға көмек көрсетуге жүйелі түрде өз үлесін қосуда. «Нұрлы жүрек» балалар үйі қамқорлық пен қолдауды қажет ететін 120 баланы тәрбиелеп отыр. Серіктестік қызметкерлері күнделікті өмірде қажет киім, жеке гигиена құралдарын, аяқ киім және басқа да керек-жарақтарды сатып алады. Балаларды қорғау күні қарсаңында серіктестік қызметкерлері балаларға барып, көңіл бөлді. Бұл іс-шара біз үшін өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Балалар біздің болашағымыз, осыны негіз ретінде қолдай отырып, Серіктестік жетім балаларды үнемі қолдауға міндеттеме алады.