Жаңалықтары

01.10.2021
«Қазқұрылысжүйесі» ЖШС зейнеткерлік жастағы қызметкерлермен, сондай-ақ біздің серіктестіктің дамуына үлес қосқан зейнеткерлермен кездесу ұйымдастырды.

      «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС зейнеткерлік жастағы қызметкерлермен, сондай-ақ біздің серіктестіктің дамуына үлес қосқан зейнеткерлермен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Балтабаев Майдан Будеевич (1996 жылдан 2005 жылға дейін), Аушатов Өнербек Ахмадиевич (2009 жылдан 2017 жылға дейін), Нұрғазин Торғай Мағзұмұлы (2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) және Чернова Наталья Александровна (2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) сынды аға буын өкілдері көпжылдық еңбек қызметі мен сүйікті кәсібі туралы естеліктерімен ерекше жылулықпен бөлісті. Бұл кездесу жас ұрпақтың патриотизмге, оптимизмді сақтай білуге еліктеуі үшін үлгі болып табылады.

28.09.2021
Қарттар күні

     Қарттар күні қарсаңында басшылық «Nur Otan» партиясының «Бірлік» БПҰ-мен бірлесіп, 1-топтағы мүгедек ұлының қамқоршысы болып табылатын және қолдау мен көмекке мұқтаж Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тізіліміне енгізілген Зейнеткер Қожахмет Болатқа сапар ұйымдастырды. Аралау барысында біз қажетті азық-түлік өнімдері бар азық-түлік себеті түрінде көмек көрсеттік. Әңгіме барысында осы отбасында үнемі қолдау мен көмекті қажет ететін мәселелер анықталды. Қызметкерлердің қайырымдылық акцияларына қатысуы патриоттық тәрбиенің, аға буынға деген қошемет пен құрметтің үлгісі болып табылады.

01.06.2021
1- Маусым – балаларды қорғау күні

      1- Маусым – балаларды қорғау күніне орай «Нұрлы жүрек» балалар үйіне кезекті сапар ұйымдастырылды. Біз: кресло, киім, жеке гигиена құралдары, аяқ киім және күнделікті өмірде қажет басқа да керек-жарақтарды сатып алдық. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік – бақыт жолы» челленджі өткізілді. Серіктестік қызметкерлерінің 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалары қатысты. Челлендж қатысушылары сыйлықтар алды.

28.05.2021
28 мамыр - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні

      28 мамыр - ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қарсаңында партия қатарына 16 адам қабылданып, "Nur Otan" партиясы "Бірлік" филиалының "Қазқұрылысжүйесі" БПҰ-ның жаңа мүшелеріне партиялық билеттері тапсырылды.


Новости 1 - 6 из 39
Страницы: